8.03.2026, 15:30
Оқылды: 20

Мерекедегі ең мәртебелі марапат

Нәзік жандылардың төл мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында электр энергетикасы саласында ұзақ жыл адал еңбек еткен маман ерекше марапатқа ие болды.

a7300a84-8106-45ca-a282-34307d5e67ae

Жәнібек аудандық электр торабында 45 жыл бойы диспетчер ретінде электр желілерінің үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жолында еңбек етіп келе жатқан Шилихина Татьяна Владимировна мемлекет тарапынан жоғары бағаланды.
Көпжылдық мінсіз еңбегі, кәсіби біліктілігі және энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Татьяна Владимировна – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, еңбек жолында мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ол ондаған жылдар бойы аудан тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету ісіне үлес қосып, әріптестеріне үлгі болып келеді.

f58f79a3-97f7-4f00-8d99-73f0b766108b
Бұл марапат – энергетика саласында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың қажырлы еңбегіне берілетін ең мәртебелі баға.
Құрметті Татьяна Владимировнаны лайықты марапатымен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығын және толайым табыс тілейміз!

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале