Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтің төрағалығымен жиын өтті. Аталмыш жиынға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №19 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы қатысты.

- Бүгін біз үшін ерекше, мәні зор күн. 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ерлермен қатар мінсіз қызмет етіп жүрген бір әріптесімізге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен арнайы медаль келіп отыр.
Соған орай, осы аяулы әріптесімізге құрмет көрсету мақсатында өздеріңізбен жиналып отырмыз, - деп Кенесары Нұршинов өз тілегін жеткізді.

Айтарлықтай, марапат иесі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Бибігүл Хайроллина І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаліне ие болды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлім басшысы Қуанышбек Еркеналиев және №19 өрт жеке құрам атынан аталмыш бекет бастығы Жәңгір Танашев медаль иесіне деген тілегімен бөлісті.
Еркебұлан Бисенғалиев
Суретке түсірген автор
Бөкей ордасы ауданы