Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов пен Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданда құқық қорғау және медицина саласында еңбек етіп жүрген нәзікжандылармен кездесті.

Медицина саласындағы адамның жүрегіне мейірім керек. Сондықтан да ақ халат әйел затына қонып тұратындай.

Ал, құқық қорғау органындағы қызмет - тәртіп, батылдық, психологиялық төзімділік талап ететін жұмыс. Бірақ, Сырым ауданында бұл сала да бұрымдылар бар екен.
Кешегі қабылдауға полиция саласындағы қызметін қалтқысыз атқарып, құрметті демалыстарына шыққан Шайзада Жасталапова мен Роза Жұрмағамбетова келді. Доғарыстағы майорлардың жолы - иықшен таққан сіңлілеріне үлгі.
Серік Тоқмамбетов өз сөзінде медицина қызметкерлерінің адам өмірін сақтаудағы жанкешті еңбегі мен құқық қорғау органдарында қызмет ететін әйелдердің қоғам тыныштығын қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап, алғыс білдірді.

Соңғы аптада аудандық кітапхананың Ойшыбаев атындағы залы - сұлулық пен мейірімнің мекеніне айналғандай. Кешелі - бүгін осы залда әнші әжелер, әлеуметтік салада қызмет етіп жүрген әйелдер мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін салтанатты қабылдау өтті.
Б. Шерім
Сырым ауданы
Суретті ұсынған: Сырым ауданы әкімдігі