12.03.2026, 15:00
Оқылды: 134

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Таяу Шығыс елдерінде эскалация басталғалы бері, Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы тасымалданды, - деп жазады Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

ЖП чемодан

Рейстер Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары арқылы Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына орындалуда.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарын жалғастыруда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале