12.03.2026, 19:00
Оқылды: 6

Кәсіпте де кәсіп бар, сұранысы бір бөлек

Бүгінде елімізде жеңілдетілген несие, қайтарымсызгрант секілді тиімді  бизнес бағдарламалары баршылық. Әсіресе, «Бастау Бизнес» жобасы көптеген кәсіпкергежол ашты. Соның арқасында елімізде орта және шағынбизнеспен айналысатындар қатары көбейіп келеді.

photo-output

Бұл жоба арқылы көпбалалы отбасылар да, мүмкіндігі шектеулі жандар да, асыраушысынан айырылғандар да грантқа қол жеткізіп, кәсіптерін дөңгелетіп,басқаларға да жұмыс беріп отырғандары қаншама?!
Аталған жоба аясында еліміздің кәсіпкерлік саласыжаңа кәсіп иелерімен жылма жыл толыға түсуде.Солардың бірі ауданымыздағы кәсіпкер келіншек – Әйгерім Жұмашева.

Ысталған жылқы етіне сұраныс жоғары

Әйгерім жылқының етінен шұжық, қазы дайындап, ыстап сатады. Дәмі тіл үйіретін жылқы етіне сұраныс жоғары.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.21.56 (3)

- 2025 жылы 1 млн 572 мың теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз грант алдық. Бұл жобаға көп балалы отбасы ретінде қатыстық. Осыған дейін де «Адал» деп аталатын ет дүкеніміз бар ғой. Сондағы ет өнімдерінің түрлерін көбейту мақсатында осы ыстау түрін қолға алдық. Ет ыстау құралдарын, оның ішінде арнайы аппаратын, вакумды құрылым шұжыққа арналған шприц тб қажетті құралдарын алдық. Бастапқыда етті өзіміз ыстап, жеп көрдік. Дәмі керемет болды, былайша айтқанда дәмі ауыздан кетпеді. Кейін достар, көршілер дәмін татты, сөйтті де алғашқы тапсырыстар түсе бастады. Әлеуметтік желіге салдық. Желі арқыылы арнайы чат ашылып, тапсырыс жасап отыратын тұтынушыларымыз да жетерлік. Тек аудан көлемі ғана емес, Орал қаласына, көршілес Ақтөбе, Атырау қалаларынан да тапсырыстар түсіп тұрады,- дейді кәсіпкер келіншек Әйгерім.

Қазір олар жылқының етінен шұжық, қазы, жая дайындап, ыстайды. Өнімге ешқандай жасанды қоспа қосылмайды, яғни жүз пайыз табиғи.

- Бастапқыда 200 кг еттен, яғни 100 кг қазы, 100 кг жаяны ыстап жасап көрдік. Жоғарыда атап өткендей алғашқы дәмін татушылар жақындарымыз болса, кейін аудан жұртшылығына ұсындық. Халыққа ұнады, қолдады. Ысталған ет пен құйрықтың  дәмі ерекше болады. Біз бірақ әзірге құйрықты ыстап дайындап көрмедік. Қазы, жаямен бірге тауық етін, филе деп жатады ғой, яғни жұмсақ етін ыстап жасап көріп жатырмыз,- деп жалғады әңгімесін кәсіпкер келіншек.

Ет қалай ысталады?

- Оның да өзінің тәртібі, технологиясы бар. Етті арнайыыстау, дайындауына жолдасым Ақылбек көмектеседі. Біз етті Сырым ауданының Алатау, Тасқұдық, Талдыбұлақ ауылдарынан аламыз. Әкелген еттіалғашқы күні 5 күн дәмдеуіштермен маринатталады. Кейін 25 сағаттай аппаратқа салып пісіреміз. Онда ет3 этаптан өтеді. Яғни арнайы температурадағы бугенераторы арқылы пісіріледі, кейін кептіріледі. Содансоң түтін генераторы арқылы ысталады. Ет 75-85 градуста піседі. Жолдасымның айтуынша еттіәртүрлі жолмен ыстайтындар бар. Өзі шаруашылықбойынша жұмыстармен жүргесін, оныңда жұмыстарын көргенім бойынша айтып беріпжатқаным. Бірлесіп жасап жүрген кәсіп болған соңда, мен де біраз дүниесімен таныспын,- дейді Әйгерім.

«Дайындалған өнімнің барлығы жүз пайыз табиғи қоспадан тұрады. Басты мақсатсапалы азық дайындау. «Адал» депатаған шағын дүкеніміздің жұмысына сын айтылмауы үшін, қандай өнім болмасын, сапасының жоғары болуына мәнбереміз», - дейді кәсіпкер.

photo-output

Табиғи таза еттен жасалған өнімнің бағасы әртүрлі. Мәселен, қазының келісі 13000 теңгеболса, жая - 10000 теңге тұрады.

Қазір тұрғындар жылқы етінің пайдасын түсінді. Жоғарыда айтып кеткенімдей, біздің қала ғана емес, өзге облыстардан да тапсырыс түседі. Сатылым үшін көбіне әлеуметтік желінікөбірек пайдаланамыз. Біздің бабаларымыз жылқы етініңпайдасын әу бастан білген ғой. Жылқы мен қазақты бөліпқарамайтыны да содан болар. Ұрпағының саулығы үшін де өздері дұрыс тамақтанып, көбіне қой мен жылқы еттерін тұтынған деп көп естейміз де, кейде оқып та қалып жатамыз ғой,-деді сөзін толықтырған кәсіпкер келіншек.

Етті ыстаудың сапасы ағашты жаққан кезде пайда болатын түтін ерекшелігіне байланысты екен.

Ыстау аппаратының жанындағы арнайы отын салатын бөлігіне, ыстауға арналған дайын отынды салып жағады. Яғни тағамды ыстау кезінде оған алма мен өрік жапырақтары араластырылып дайындалған отын қолданылады. Өйткені, олардан бөлінетін түтін  ысталған тағамға ерекше жағымды дәм мен иіс береді екен.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.21.56 (1)

P/S: Әйгерім жұмылса бір жұдырық болған 5 баланың анасы. Яғни көп балалы ана. Әзірге олар мектеп жасында. Бәрі де оқу озаттары. Балаларының әжесі (енесі) да Әйгерімнің сөзінше, балаларының кәсіптерінің алға жылжуына қолдау білдіріп отырады. 

Кәсібін де, отбасын да дөңгелетіп отырған осындай іске икемді, алғыр келіншектерді көргенде жүрегің жылып,көңілің кәдімгідей көтеріле түседі екен.

                                                                                                                          Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале