15.03.2026, 7:15
Оқылды: 26

Казталовтағы №220 референдум учаскесінде дауыс беру басталды

Бүгін таңғы сағат 07:00-де Казталов аудан орталығындағы Казталов мектеп-лицейінде орналасқан №220 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, дауыс беру рәсімі салтанатты түрде басталды.

image-15-03-26-07-32-3

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген зейнеткер Дарижан Шамғонова апа болды. Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасаған апамызға учаскеге келген сайлаушылар ризашылықтарын білдірді. Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берушіге референдум учаскесі атынан естелік сыйлық табысталды.

image-15-03-26-07-32-1

Қазіргі таңда референдум учаскесінде дауыс беру белсенді түрде жалғасуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале