15.03.2026, 12:55
Оқылды: 15

Қаратөбеде дауыс берушілер садақ атудан жарысты

Қаратөбе ауданындағы №277 және 278 референдум учаскелерінде «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді.

f6131a1a-c511-4bb5-8f81-9d63ae69a7bd

Жарысқа келгендер өз шеберліктерін сынап қана қоймай, сайыстың қызықты атмосферасына куә болды. Қатысушылар арасындағы бәсеке қызу болып, әр қатысушы өз дәлдігі мен шеберлігін көрсетуге тырысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар жастарды спортқа баулу үшін өте маңызды.
Ауданымызда садақ ату спорты соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Клуб өкілдері бұл бағыттағы шаралар тек спортты насихаттап қана қоймай, елдің мәдени және қоғамдық өміріне де оң әсерін тигізетінін атап өтті.

3a135f79-cf77-4b69-8f86-41374ce94f8d
– Бүгін біз спортпен айналысып, өзіміздің азаматтық міндетімізді орындадық. Мұндай ерекше формат көңілді, есте қаларлық әрі шабыт беретін тәжірибе болды. Сонымен қатар, сайыс арқылы әрқайсымыз өз шеберлігімізді сынап, бір-бірімізбен жарысудың қызығын сездік, - дейді Мейрамбек Далабаев.

Р.Абай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале