19.03.2026, 11:15
Оқылды: 12

Жәнібек аудандық сотымен Ресей Федерацияның азаматына қатысты іс қаралды

Жәнібек аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК-нің) 496-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық Ресей Федерацияның азаматына қатысты іс қаралды.

5323276591330694026

Сотпен келесі мән-жайларды анықтады, яғни құқықбұзушы 2026 жылы 13 наурыз сағат 13:10 шамасында «Жәнібек» (автомобильдік) шекара бақылау пунктінен кіру кезінде ол Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, Ресей Федерациясының азаматтығын алғандығын және ол туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған.
Яғни, құқықбұзушы Қазақстан Республикасының азаматы болған, өзінің Ресей Федерациясының азаматтығын 2025 жылы 29 қазанда алғанан кейін, яғни шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы күнтізбелік отыз күн ішінде заң талаптарына сәйкес хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, төл құжатын тапсырмағаны анықталды.
Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген мерзімде, яғни шет мемлекеттің азаматтықты алғанан кейін, оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісін туралы хабарлап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, төл құжатын тапсыруға міндетті екенін білмегенін, өзінің Қазақстан Республикасында жақын туыстары жоқ екенін және айыппұлды төле алмайтынын көрсетті.
Сот, іс құжаттарды зерттеп, істегі бар дәлелдемелерге баға беріп, құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.

БҚО соттары 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале