20.03.2026, 14:30
Оқылды: 10

Бәйтеректе Ораза айт мерекесі тойлануда

Рамазан айының құрметіне орай бір айы бойы ауыз бекіткен бәйтеректік жамағат та аудан көлеміндегі үш мешітке келіп айт намазын оқыды. Олар осынау қасиетті аймен қимай қоштасып, келесі Рамазанға дейін аман-есен жетуді тілеп, мінәжат етті.

image-20-03-26-01-01-2

- Айт күндері мұсылман адам жақындарын, көршілерін, достарын құттықтап, қуантумен қатар, мұқтаж адамдарға жәрдемдесіп, мерекелік көңіл күй сыйлағаны жақсы. Осындай іс қылған зор сауапқа кенеліп, мал-дүниесіне береке кіреді. Садақа адамның жүрегін тазартады. Жомарт жан үшін періштелер дұға тілейтін болады, - деді айт намазының алдындағы уағызда Асан мешітінің имамы Мұратбек қажы Жахат.

image-20-03-26-01-01

Содан соң мешіті жамағаты атынан Рамазан айында тарауих намазын жүргізген қариға, Құран параларын жаттаған аталмыш мешіт жанындағы медресе шәкірттеріне ат мінгізіліп, шапан жабылып, умраға жолдама табысталды. Сондай-ақ тағы да бір топ адамға умраға жолдама берілді.

image-20-03-26-01-01-1

Ораза айтқа және 20 наурыз - Ұлттық спорт күніне орай қол күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеруден сайыс ұйымдастырылды. Содан соң жиналғандар мерекелік дастарханнан дәм татты.

 

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале