26.03.2026, 10:45
Оқылды: 76

Қазақстанда 30 градусқа дейін күн жылынады

Қазгидромет 26, 27, 28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн сақталады. Қазгидрометтің хабарлауынша, тек республиканың батысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін.

ОРАЛ КОКТЕМ

28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады.
Күндіз ауа температурасы батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +15…+25°С-қа дейін, солтүстік пен шығыста +10…+17°С-қа дейін, орталықта +13…+24°С-қа дейін, оңтүстікте +21…+30°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +18…+27°С-қа дейін, ал таулы аймақтарда +10…+15°С-қа дейін көтеріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале