26.03.2026, 10:30
Оқылды: 11

Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе округінің аумағына ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 25 наурыз сағат 10:28-де Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылынан 30 шақырым қашықтықта, Аққайыр нүктесі маңында ұшқышсыз ұшу аппаратының (БПЛА) құлаған. Оны осы жерде мал жайып жүрген малшылар тауып, әкімдікке хабар берген. Ұшқышсыз ұшатын аппараттың ұзындығы – 4 м 10 см, ені – 3 м 30 см.

d7a433e3-5ddd-41

Алдымен Аққайырға Ақтөбе қаласынан ҚР Қорғаныс министрлігі қызметкерлері келіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Сағат 19:25-те полиция департаментінің  қызметкерлері аппаратты сол жерде жарып, жойып жіберді. Жою орны қауіпсіз деп танылып, барлық әрекеттер тиісті органдармен келісіле атқарылған.

Қарауылтөбеда табылған ұшқышсыз ұшу аппаратының маркасы – Иранда шығарылған «Араш-2».

Оқиға орнына  арнайы қызметтер: төтенше жағдай департаменті күштері, учаскелік инспектор, жедел-тергеу тобы, прокуратура, БҚО ПД тергеу басқармасы, ОКУ, БҚО ПД УТВ, ҚР ҚМ (15 қызметкер, 4 техника), сондай-ақ әуе кемесі (тікұшақ) шыққан.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале