27.03.2026, 13:00
Оқылды: 18

Қарашығанақтағы жоба қайтадан қарастырылуда

Shell және Eni компаниялары өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім ауқымында  Қарашығанақта зауытты  салуға  байланысты  нақты  шешім  қабылдай  алмады.  Қазақстан  осыған  байланысты  инвестициялық  жобаны  аталған келісім  аясында  қарастырмайтын  болды.

csm_kpo_business_principles-img1_8056b38dc7

Сурет: kpo.kz

PSA компаниясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның бұл жобадан бас тартуының өзіндік себептері бар.

Газ өңдеу зауытын салу үшін оператор ұсынған смета құны бастапқы жобамен салыстырғанда айтарлықтай қымбатқа шықты. Зауыт жобасының экономикалық тұрғыда тиімділігі төмен болуы және  Қазақстан үлесіне мол қаражаттың бағытталмауы, оған қоса оператордың жобаны бекітуді газ өңдеу зауытына қатысы жоқ басқа мәселелермен үнемі байланыстыруы инвестициялық келісімнен нақты нәтиже шықпауына әсер еткен.

Осыдан кейін бұл жоба Қазақстанға техникалық, коммерциялық және заң тұрғысынан тиімсіз деп есептелініп отыр.

Айта кетейік, PSA – SamrukKazyna Trust қорына тиесілі компания.

Бұған дейін мемлекет жылына 4 млрд газ өңдейтін зауытты 2028 жылы іске қосуды жоспарлаған еді.

Қазіргі уақытта Қарашығанақтан шыққан шикі газды Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауыты өңдеп отыр.

Жоба тағдыры жөнінде  БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бейімбет Мусинге сауал қойдық. "Қазіргі уақытта Қарашығанақ кен орнында ГӨЗ салу туралы жобаны "ҚазМұнайГаз ҰК қарастырып жатыр", - деп жауап берді басқарма басшысы. Соған қарағанда Қазақстан Үкіметі енді ішкі ресурсқа сүйене отырып, ірі нысанды іске қосуға бел буғаны  мәлім  болды.

Нұртай Алтайұлы,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале