29.03.2026, 12:30
Оқылды: 15

Бразилияда енді әйелді жек көру қылмыс саналады

Бразилия сенаты әйелді жек көретіндерді 5 жылға дейін бас бостандығына айыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды италиялық Agenzianova.

IMG_1027

Фото: Agenzianova

Бразилия Федералдық сенаты әйелдерді жек көруді кемсітушілік пен өшпенділікке байланысты қылмыстар қатарына енгізетін заң жобасын мақұлдады. Құжатта бұл әрекет нәсілшілдікпен теңестіріліп, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасында әйелдерді жек көру әйелдерге қатысты өшпенділік немесе жиіркеніш білдіретін әрекет ретінде анықталған. Аталған шара фемицидке қарсы саясат аясында қабылданып отыр.

Енді заң жобасы түпкілікті бекіту үшін депутаттар палатасына жолданды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале