Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының» тыңдаушылары қазақ тілі курсының А1, А2, В1 және ағылшын тілі курсының А, В1 кезекті деңгейін сәтті аяқтап, сертификат алды.

Тыңдаушыларға орталық басшысы Шынар Капаева сертификаттар табыс етті.

Қазақ тілі курсының оқытушысы - Жанар Өтепова, ағылшын тілі курсының оқытушысы - Динара Тоқтарова.

Айта кетейік, аталған орталық мемлекеттік тілді жетік меңгеруге ниетті және заман талабына сай ағылшын тілін үйренгісі келетін 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтарын оқу курстарына қабылдайды.
Қатысу - тегін!
Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі