2026 жылғы 31 наурызда сағат 14:00-де Теректі ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Самара – Шымкент» республикалық автожолымен Подстепное кенті аумағында қозғалып келе жатқан маршруттық жолаушылар автобусы мектеп автобусын артқы жағынан соққан. Салдарынан мектеп автобусы инерциямен алда тұрған Ford Galaxy автокөлігімен соқтығысқан. БҚО-да

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар, олардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеуде.
БҚО Полиция департаменті