31.03.2026, 16:15
Оқылды: 11

Жолдағы қауіп: мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісінің жолы кесілді.

ГАИ жол полициясы https://polisia.kz/ru/19-letnij-voditel-so-shtrafami-na-7-mln-tenge-zaderzhan-v-almaty/

Орал қаласында патрульдік полиция қызметкерлері «Lada Largus» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік жүргізушісі бастапқыда тоқтау туралы заңды талапты елемей, қозғалысын жалғастырған. Біраз уақыттан кейін ғана тоқтаған.

Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғаны анықталды, сонымен қатар ол шаршаған, ұйқылы-ояу жағдайда көлік басқарған, бұл айналадағыларға нақты қауіп төндірген.

Сонымен қатар, оның бұған дейін сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша мас күйі расталды. Жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция ескертеді: полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемеу, мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

БҚО Полиция департаменті 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале