31.03.2026, 22:00
Оқылды: 14

Бөкейлік алқалы аналарға құрмет көрсетілді

Бөкей ордасы әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен көпбалалы аналарды мемлекеттік наградамен марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.

IMG-20260330-WA0042

Аталмыш жиынға әкім орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және тиісті сала басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Өз кезегінде Нұрлыбек Жасқайратұлы:
- Бүгінде Қазақстан Республикасында көпбалалы отбасыларды қолдау- мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта көпбалалы отбасыларға жан- жақты қолдау көрсету, мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тағайындау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, салықтық жеңілдіктер беру, сонымен қатар, аналар мен балалардың әл- ауқатын арттыруға бағытталған өзге де әлеуметтік қорғау шаралары жүзеге асырылуда.

IMG-20260330-WA0045
Осы әлеуметтік қолдау шараларының бірі- алты және одан да көпбала тәрбиелеп отырған аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау. Бұл- аналардың қажырлы еңбегіне, отбасы тәрбиесіне қосқан үлесіне және қоғам алдындағы зор еңбегіне көрсетілген ерекше құрмет, - деп алтын құрсақты аналарға алқаларын табыстады.

IMG-20260330-WA0036
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 26 ақпандағы №1184 Жарлығына сәйкес жеті бала дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Алтын алқа» алқа ордалық Зульфия Губашеваға, күміс алқа сайқындық Жұлдыз Әбдірешова мен саралжындық Жазира Күлбаеваларға табысталды.

IMG-20260330-WA0043
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да көпбалалы аналарды марапаттарымен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Еркебұлан Бисенғалиев

Суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале