1.04.2026, 10:15
Оқылды: 65

Өңірдегі өңдеуші кәсіпорындар 8,9 млрд теңгеге инновациялық жабдықтар сатып алды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Конституцияда еліміздің стратегиялық бағыты ретінде бекітілген инновацияларды дамыту мәселесі қаралды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режим арқылы қатысты.

659797895_18596884477028162_6824910793955065687_n

Қазіргі таңда облыстағы жетекші жоғары оқу орындары бизнес өкілдерімен бірлесіп, экономиканың нақты секторларына қажетті технологияларды енгізуде белсенділік танытып отыр. Атап айтқанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірлесіп, жалпы құны 2,3 млрд теңгеге ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін экономикалық айналымға енгізудің 4 ірі жобасын іске асыруда. Сонымен қатар, БҚИТУ ғалымдары импортты алмастыру бағдарламасы аясында елімізде алғаш рет отандық ветеринарлық препараттарды әзірлеп, «Эпсилон» компаниясымен бірге өндірістік айналымға қосты.

659220611_18596884486028162_6404561181346063704_n

Өңдеуші өнеркәсіп саласында да айтарлықтай технологиялық жаңғыру байқалады. Облыс кәсіпорындары өндіріс қуатын арттыру мақсатында жалпы сомасы 8,9 млрд теңгеге заманауи инновациялық жабдықтар сатып алды. Мысалы, «QazExpoCentre-Pipe» компаниясы мұнай-газ саласына қажетті муфталар шығаратын жаңа учаске құрса, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС коммуналдық инфрақұрылым үшін үш қабатты құбырлар шығаратын еліміздегі алғашқы экструзиялық желіні іске қосты. Бұл қадамдар өңірлік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

658388707_18596884495028162_5469636167131574980_n

Үкімет отырысынан соң аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құзырлы құрылымдарға инновациялық экожүйені дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Өңірде инновациялық жобаларды қолдау және оларды экономикалық айналымға қосу жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале