Шыңғырлау ауданында ішкі істер бөлімінің ардагері Марат Мамбетовтың 75 жасқа толуына орай спорттың волейбол түрінен жарыс өткізілді.

Жарысқа аудандық ішкі істер бөлімі, Бөрлі ауданы ардагерлері, Ақбұлақ ауылдық округі командалары қатынасты. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша ішкі істер бөлімі (ардагерлер) командасы үшінші, Бөрлі ауданы ардагерлері командасы екінші орын иеленді.

Ішкі істер бөлімі командасы әдемі ойын үлгісін көрсетіп бас жүлдегер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубокпен, медальдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың үздік шабуылшы атағын Н. Қарабалиев, үздік қорғаушы атағын М. Сисенғалиев, үздік байланыстырушы атағын Э. Сарсеновтер иеленді.

Жарыстың үздік ойыншысы болып Ғ. Шонаев танылды. Оларға да дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Адақ Шотпанов,
Шыңғырлау ауданы