2.04.2026, 0:00
Оқылды: 2

«Бәйтерекке» басшы тағайындалды

Ауданда бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын, ұлттық спорт түрлерін дамытумен айналысатын «Бәйтерек» спорт клубына Дастан Есекенов директор болып бекітілді.

image-01-04-26-10-21

Оны ұжымға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дәулеткерей Құсайынов таныстырды.

- Отандық спорт пен дене шынықтыру саласының дамуында Бәйтерек ауданының да өзіндік өрнекті орны мен айшықты қолтаңбасы бар. Оларды одан әрі дамыту мақсатында ауданымызда бірқатар арнаулы нысандар салынуда. Мысалы, соңғы бір жылдың ішінде 5 нысанның құрылысы басталып, үшеуі пайдалануға берілді. Оның ішінде Дарияндағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің орны бөлек. Міне, ауданымызда осындай қарқынды дамып келе жатқан саланың басшылық қызметіне өңірімізге танымал тәжірибелі де кәсіби маманның  келуі қуантады,- деді Дәулеткерей Атауұлы.

image-01-04-26-10-21-2

Жайта кетейік, 1982 жылы Жаңақала ауданында дүниеге келген Дастан Жайсанұлы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың дене шынықтыру және спорт факультетінде оқыған. Еңбек жолын Оралдағы ат спорты бойынша спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. «Жайық» волейбол клубы» МКҚК-«Арман» спорт кешені директорының орынбасары, «Арман» спорт кешенінің директоры, «Жайық самалы» жүзу бассейні” БЖСМ-да әдіскер болды. Биылғы жыл басынан бастап осы күнге дейін «Бәйтерек» спорт клубы директорының міндетін атқарушы болып еңбек етіп келеді.

Серік Маратұлы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале