Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы аудандық мансап орталығымен бірлесіп бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеде 12 жұмыс беруші 23 қызмет орынын ұсынды. Мансап орталығының директоры Сәбит Өмірзақовтың берген мәліметіне сүйенсек, іс - шара аясында 11 адам жұмысқа орналасқан. Жіктесек, 2 жас маман “Жастар тәжірибесі” бойынша, 6 адам ақылы қоғамдық қызметке қабылданған. Ал, 3 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Иесін тапқан мамандықтар ішінде пән мұғалімдері, автокөлік жүргізушілері, электрмен жабдықтау мамандары бар.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы