2.04.2026, 18:00
Оқылды: 14

Еліміздің геологиялық деректерін ЖИ арқылы цифрландыру

Астанада ұйымдастырылған Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумында «Геологиядағы цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа технологиялар» атты панельдік сессия өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жазды. 

_gluster_2026_4_2_6c77595114b5e22a561446050af10827_1280x720

Сессияға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова, Astana Hub және EPAM Kazakhstan, геологиялық барлау және IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Сессияда Жәннат Дүбірова Мемлекет басшысының "«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында "геологиялық ақпаратты толық цифрландыру және жүйелеу үдерісін, ең алдымен жасанды интеллектті енгізу арқылы жеделдету" жөнінде нақты тапсырма берілгенін атап өтті.

«Осы тапсырманы орындау мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ұлттық геологиялық қызмет» және Astana Hub-пен бірлесіп, геологиялық деректерді цифрландыру және оларды жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып машинада оқылатын форматқа көшіру жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде бастапқы цифрландыру жұмыстары іс жүзінде аяқталды. Алғашқы геологиялық ақпаратты сканерлеу деңгейі 97,5%-ға жетті. Бұл – шамамен 4,7 млн бірлік: 4,2 млн-нан астам қағаз материалдар, 250 мың күрделі графикалық парақ, сондай-ақ архивтік магниттік таспалар мен картридждер. Жобаны толық аяқтау 2026 жылғы 1 шілдеге жоспарланған», – деді Жәннат Дүбірова.

Жәннат Дүбірованың айтуынша, геологиялық деректерді цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу Қазақстанның бірыңғай цифрлық геологиялық экожүйесін қалыптастырудағы негізгі қадам болмақ. Деректер базасы толық қалыптастырылғаннан кейін ел табиғи ресурстардың ашық әрі интерактивті кадастрын алады. Бұл ұзақ мерзімді активке айналып, саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллект және озық технологияларды енгізу жағдайында геологиялық зерттеу тәсілдерінің өзгеруі мен жер қойнауын басқарудың заманауи экожүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ұлттық геологиялық қызметтердің үлкен деректер мен цифрлық платформаларды интеграциялау бағыттары қарастыр

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале