2.04.2026, 21:00
Оқылды: 6

Telegram арқылы баспана жалдамақ болған БҚО тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды

Орал қаласында интернет-ресурсы арқылы баспана жалдауға байланысты алаяқтық фактісі тіркелді.

IMG_1239

Анықталғандай, жәбірленуші пәтер іздеу барысында Telegram мессенджері арқылы жалға берілетін тұрғын үй туралы хабарландыруды тапқан. Хабарлама алмасу кезінде белгісіз тұлға оны алдын ала төлем жасауға көндірген.

Жәбірленуші банк арқылы 90 000 теңге аударған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұлға анықталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 2 эпизод анықталып, қалғандары тексерілуде.

❗️Полиция ескертеді:

Интернет арқылы баспана іздеу кезінде сақтық шараларын сақтау қажет:
• бейтаныс тұлғаларға ақша аудармау
• құжаттар мен меншік құқығын тексеру
• мүмкіндігінше келісімшартты жеке жасау

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале