3.04.2026, 16:45
Оқылды: 20

«INFOMATRIX ASIA – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНАН ЕКІ АЛТЫН, БІР КҮМІС

WhatsApp Image 2026-03-27 at 16.46.48

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Астана қаласында өткен «INFOMATRIX ASIA – 2026» халықаралық байқауынан олжалы оралды. Шәкірттеріміз өз жобаларын сәтті қорғап, алтын және күміс жүлделерге ие болды. Аталған байқаудың іріктеу кезеңіне 10-нан астам елдің оқушылары қатысып, үздіктер финалға жолдама алды.

Мектебіміздің 11-сынып оқушылары – Абилов Алдияр, Дүйсенбай Эльнадир, Шамуратов Таир, Туганбаев Демеу «MineSafe — шахталардағы қауіпсіздікті бақылауға арналған білезіктер мен ретрансляторлар жүйесі» жобасымен І орынға лайық деп танылып, алтын медаль иеленді.

WhatsApp Image 2026-03-27 at 16.46.50 (1)

Ал 8-сынып оқушылары Горчаков Диас, Мухамбеткалиев Алихан, Сарсембаев Адильбек «OcuWave — глаукоманы ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін көз ішіндегі қысымды өлшеуге арналған аппарат» жобасымен үздік атанып, алтыннан алқа тақты.

Сонымен қатар, 10-сынып оқушылары – Алшинов Ақниет, Манкеев Аян  «KepTess – ғарыштық ретранслятор аппараты» жобасы арқылы 2-орын, яғни күміс медальға қол жеткізді.

 

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале