3.04.2026, 16:50
Оқылды: 19

Орал NIS оқушылары – республикалық олимпиада жеңімпаздары

 

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінді. Алматы қаласында өткен 9–11 (12) сынып оқушылары арасындағы география және химия пәндері бойынша республикалық білім додасында шәкірттеріміз І орынға ие болып, мектеп қоржынына қос алтын медаль әкелді.

DSC00134_resized.jpg

Химия пәнінен – Алихан Ғайнолла, 10-сынып оқушысы (жетекшісі: Гүлсім Киматова)

География пәнінен – Ерасыл Махсот, 8-сынып оқушысы (жетекшісі: Болғанай Абуова)

Айта кету керек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрама командасы академиялық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

 

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале