Орал қаласы мен «Ақжайық» шағынауданын жалғайтын көпір құрылысы басталды. Бүгін аталған шағынаудан маңында осы маңызды инфрақұрылымдық жобаға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, мердігер компания өкілдері және жобаға жауапты қызметкерлер қатысты.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай «Ақжайық» шағынауданының дамуын жан-жақты баяндады. Бүгінде осы аталған ауданда жарық, су, электр жүйелер тартылған. Тұрғын үйлерге қоса, мұнда әлеуметтік нысандар да бой көтеріп келеді. Алдағы уақытта тұрғын саны 75 мың болады деп жоспарлануда. Осы себепті де Шаған өзені арқылы қалаға тіке қатынайтын көпірдің болуы маңызды екенін атап өтті.

Одан кейін жаңа көпірдің құрылыс жобасы таныстырылды. Жобаның бас инвесторы «ВІ Group» компаниясы болса, бас мердігер «Казахдорстрой» ЖШС. Жоба құны – 35,8 млрд теңге.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев жобан маңыздылығын сөзіне өзек етіп, ВІ Group» компаниясының акционері Бауыржан Исабаевпен «Уақыт капсуласын» орнатты.

Айта кетелік, бұл көпірдің құрылысы 2026 жылдың күзінде басталып, 2028 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Нұрым Ғұмар
Орал өңірі