7.04.2026, 17:00
Оқылды: 6

Тасқала ауданында ардагер кітапханашыға құрмет көрсетілді

кітапхана ісінің ардагері (2)

Кітапхана саласының ардагері, көп жылдық тәжірибесімен кейінгі буынға өнеге болған Еркінсұлу Қажығалиева 75 жасқа толды.  Оны  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балықов пен аудандық кітапханалар жүйесінің басшысы Айгүл Дүйсенова арнайы барып құттықтап,  аудан әкімінің атынан алғыс хат табыстап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын ұсынды.

Еркінсұлу Қажығалиева 1951 жылы 7 сәуірде бұрынғы Камен ауданының Жемшін ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Оян орта мектебін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын ауыл кітапханасында бастап, кітапқа деген сүйіспеншілігін өмірлік кәсібіне айналдырды. Білімін жетілдіру жолында Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде, кейін Алматы қаласындағы мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында оқып, кітапхана ісінің қыр-сырын терең меңгерді. 1980 жылы аудандық кітапханаға ауысып, жаңа әдебиеттермен қамтамасыз ету бөлімінде табысты еңбек етті. Кейін балалар кітапханасын басқарып, жас ұрпақтың рухани дамуына, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға өлшеусіз үлес қосты. 1991 жылы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болып тағайындалып, сала дамуына серпін берді. Еркінсұлу Қажығалиева – тек білікті маман ғана емес, адамгершілігі мол, парасатты жан. Оның еңбекқорлығы, қарапайымдылығы мен мейірімділігі айналасына әрдайым үлгі болып келеді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале