15.04.2026, 9:30
Оқылды: 345

Сайқындық еңбек ардагері Амангелді Мақсотовты мерейлі жасымен құттықтады

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Сайқын ауылының тұрғыны бірнеше жыл ауыл шаруашылығы саласында, ауданның жалғыз ақпарат көзі «Орда жұлдызы» газетінде, кино жүйесінде,  кейіннен  Сайқын аудандық кеңесіне депутат болып сайланып, ауылдық атқару комитетінің хатшысы болған Амангелді Мақсотовты мерейлі 80 жасымен арнайы барып, құттықтады.

IMG-20260414-WA0116

Ауданның көркеюіне үлес қосқаны үшін аудан басшысы тілегін жеткізіп, өзінің және ауыл тұрғындар атынан алғысын білдірді.
Аудан басшысының қасында серіктес болған делегаттар да жылы лебіздерімен бөлісті.
Өз кезегінде Амангелді ағамыз құттықтап келген барша жандарға алғысын жаудырып, "елдің  бүгіні мен ертеңі жарқын болсын!"  деген батасын берді.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале