16.04.2026, 19:00
Оқылды: 15

“АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАС”ЖЫМПИТЫ - ЖАППАЙ КАМЕРА!

Бұл күні Жымпиты жаппай камера. Бағананың басынан қылтиып тұрған “көздер” аудан орталығындағы заң мен тәртіпті қадағаламақ.

IMG_4547

Келесі аптадан бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол - көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жымпитыдағы барлық бейнебақылау жүйелері іске қосылады.

Оның ішінде көліктің жылдамдығын өлшегіш құралдар “жұмысын бастайды”.

Аталған құрылғылар белгіленген жылдамдық режимінің сақталуын бақылап, жол қозғалысының бұзылуы ережелерін автоматты түрде тіркейді.

Жол - патрульдік полициямен тәжікелесу, “досыңа қоңырау шалу” енді болмайтын шығар.

Осыған байланысты, көлік жүргізушілерінен “ақырын жүріп, анық басу” сұралады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық талаптарды қатаң сақтау - баршамызға ортақ міндет!

Айта кетейік, Жымпиты ауылдық округі аумағында 72 камера тұр. Оның - 5 - еуі жылдамдық өлшейді.

 

“Сырым елі”

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале