17.04.2026, 20:00
Оқылды: 31

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы қатаң бақылауда.

ЖП, әкімдік акимат

Фото "Жайық Пресс" қорынан 

Есептік кезеңде Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Жалпы 12 977 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде ең көп бұзушылықтар ауыл шаруашылығы (60,1%) және денсаулық сақтау (35,9%) салаларында тіркелді. Сонымен қатар жер қатынастары және өзге салаларда да заң талаптарының сақталмау фактілері анықталды.

39 бақылау іс-шарасының нәтижесінде 8 521 бұзушылық анықталып, олардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтамаумен байланысты болды (54,2%).

Сыртқы мониторинг барысында 4 476 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, 1 914 жағдайда қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, 1 200 жағдайда қызмет көрсету тәртібін бұзу, 501 жағдайда мерзімдердің сақталмауы және 736 жағдайда өзге де бұзушылықтар тіркелді.

Заң бұзушылықтарға жол берген 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 7 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 982 960 теңге.

Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 72 шағым келіп түсті. Оның 16-сы бойынша көрсетілген фактілер расталып, азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қоғамдық бақылау және түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Есептік кезеңде:

- 3 қоғамдық бақылау іс-шарасы өткізілді;

- 50-ге жуық азаматқа кеңес берілді;

- 54 ақпараттық іс-шара арқылы 700-ге жуық адам қамтылды;

- әлеуметтік желілерде 8 тікелей эфир ұйымдастырылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізіліп, нақты ұсыныстар әзірленді.

Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
БҚО бойынша департаменті

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале