20.04.2026, 9:00
Оқылды: 38

Электрондық еңбек биржасында мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі жарияланды

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар іске асуда. Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер белгіленген квота шеңберінде азаматтардың осы санатын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды. 

_gluster_2026_4_20_66a7045412397a84794d5b0494da84e3_1280x720

2026 жылы квота 2,6 мың жұмыс берушіге белгіленген және 16,7 мың жұмыс орнын көздейді. Бұл мүгедек азаматтар үшін жұмыс табудың, тұрақты табыс табудың және өздерінің кәсіби әлеуетін іске асырудың нақты мүмкіндіктері.

Квоталауға қатысатын жұмыс берушілердің тізбесі аудандар мен қалалар бөлінісінде электрондық еңбек биржасында жарияланды. Онымен сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://www.enbek.kz/lsi/list/?lang=ru

Бұл қолайлы жұмыс берушілерді табуды жеңілдетеді және жұмыс іздеушілерге өз аймағында жұмыс нұсқаларын тезірек табуға мүмкіндік береді.

Жұмыс орындарын квоталау – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, әрбір азаматтың еңбек етуіне және қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік беретін инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тетік.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, квотаның орындалуын мониторингілеу мен бағалау тетіктерін жетілдіруге, 50-ден астам қызметкері бар жұмыс берушілер үшін квоталардың автоматтандырылған есебін енгізуге баса назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Бұл ретте мансап орталықтары тарапынан жұмыс берушілерге квоталанатын жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеуде практикалық қолдау көрсетілетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале