21.04.2026, 15:45
Оқылды: 13

Есірткісіз болашақ жарқын келешек кепілі

Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Тасмола жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылармен кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

image-21-04-26-10-45
«Есірткісіз болашақты қалаймыз» және «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет» тақырыптарында өткен кездесуде полиция қызметкерлері оқушыларға есірткінің зияны, оның адам ағзасына тигізетін кері әсері және заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.
Аталған іс-шараға аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Мирлан Казекенов, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Нұрдәулет Төлегенов және учаскелік инспектор, полиция капитаны Шыңғыс Зұлқашев, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің аға инженері,азаматтық қорғау лейтенанты Ерген Серікқалиев қатысты.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында жастар зиянды әдеттердің салдары туралы ой бөлісті.

image-21-04-26-10-46

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Төлегенов өз сөзінде жасөспірімдердің дұрыс бағыт таңдауына мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, есірткі қолдану тек денсаулыққа ғана емес, адамның болашағына да үлкен қауіп төндіреді. Осыған орай, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды зиянды әдеттерден сақтандыру құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі.
Мұндай профилактикалық шаралар жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына ықпал етіп, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале