Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған бұл оқыту курстары тегін жүреді. Оқыту курстарына еңбектеген баладан бастап еңкейген кәріге дейін тіркеліп, оқып алуына болады.

Сурет: сайт архивінен
Ол үшін сіз бір тиын да ақша төлемейсіз, оқыту курстары мен практикалық сабақтар тегін жүргізіледі. Оқимын деген азаматтардың жасына да, жынысына де шектеу жоқ.
Бұл туралы Batys Hub-тың директоры Әсел Қасымова айтты. Мекеменің мақсаты азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырып, IT саласындағы бастамаларға қолдау көрсету, жол сілтеу. Бұл Astana Hub-тың облыстағы филиалы.
Бұл жерде тұрғындар дрондарды қолдану, жасанды интеллектіні пайдалануды, сайт жасауды, робототхниканы үйрене алады. Ол үшін Batys Hub-тың batys.hub инстарам желісіндегі байланыс арқылы тіркеліп, алдын ала топқа жазылу керек.
Жанат Көшкінбай,