24.04.2026, 10:30
Оқылды: 19

Кәрі құрлықты таң қалдырды

Грекияның Крит аралындағы Ираклион қаласында өтіп жатқан Taekwondo ITF-тен Еуропа чемпионатында Батыс Қазақстан облысының жас спортшылары ел мерейін үстем етті. Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеде олар жоғары шеберлік пен қайсар мінез танытып, жеңіс тұғырынан көрінді.

WhatsApp Image 2026-04-24 at 10.33.55
Дүбірлі додаға Еуропаның 30 елінен 900-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда бар күш-жігерін салды. Осындай бәсекеде батысқазақстандық жас таэквондошылардың жарқын жеңісі – отандық спорттың әлеуетін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
Атап айтқанда, Алессио Әди Карбоне 14–15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермей, Еуропа чемпионы атанды. Сондай-ақ Әділет Үмбетқалиұлы 11–13 жас санатында 35 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдеге ие болып, ел намысын абыроймен қорғады.

WhatsApp Image 2026-04-24 at 10.33.56
Жас спортшылардың бұл жетістігі – табанды еңбектің, жүйелі дайындықтың және жаттықтырушылар еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, бұл жеңіс өңірдегі спортты дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижелі екенін көрсетеді.
Айта кетейік, мұндай халықаралық жарыстарда қол жеткізілген табыстар жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале