1.05.2026, 12:00
Оқылды: 4

Татулық – тұрақтылықтың тірегі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың мәжіліс залында «Халық бірлігі – мемлекеттің дамуының берік негізі» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

аа

Бұл іс-шараға аталмыш университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мерген Сүлейменов, тарих, экономика және құқық факультетінің деканы Алтынай Журасова, өңірдегі түрлі этномәдени бірлестіктің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиынды М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың «Әлеуметтік ғалымдар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Тұрар Шайхиев жүргізіп отырды. Алдымен университет проректоры Мерген Қуанышұлы мереке күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығын айтты.
– Қазақстан халқының бірлігі күні – татулық пен келі-сімнің символына айналған, елімізде жыл сайын кеңінен атап өтілетін айрықша мереке. Бұл мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. Ал оның негізі 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Президентінің Жарлығымен қаланып, «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» болып жарияланған еді.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген дана халқымыздың нақылы – осы мерекенің мәнін айқындайтын терең ой. Ынтымақ пен берекені ту еткен ел қашанда мерекелі өмірге ұмтылып, татулықты тіршілігінің тірегі етеді. 1 мамыр – Қазақ-стан халқы үшін жай ғана күн емес, ол – достық пен өзара құрметтің, жүректерді жақындастыратын ізгі ниеттің мерекесі. «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» деген қағиданы берік ұстанған халқымыз үшін бұл күннің маңызы айрықша, орны бөлек, – деді М. Сүлейменов.
Одан кейін Ақ Жайық өңі-рінде тұратын түрлі этнос өкілдері дөңгелек үстелде сөз алып, қазақ халқына деген ақжарма тілектері мен ыстық ықыласын жеткізді. «Хаймат» неміс мәдени-ағарту қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк «Халық бірлігі – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, көпшілікке ой салды. Оның айтуынша, аталмыш бірлес-тік өңірдің мәдени өміріне етене араласып, біртұтас тіршілік кешіп келеді.
– Бүгінде облысымызда неміс ұлтының 600-ге жуық өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың басым бөлігі – осы мәдени-ағарту бірлестіктің мүшелері. «Хаймат» қоғамы өңірдегі қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, ел бірлігі мен мәдени сабақтастықтың нығаюына өзіндік үлесін қосуда, – деді ол.
Іс-шара барысында спикерлер студенттермен пікір алмасып, ой бөлісті. Бірлік пен татулықтың қай кезеңде де елді биік белестерге бастайтын қуатты күш екені айтылды.

Нұрым Қайырболатұлы
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале