Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиевтің 65 жасқа толуына орай әдеби-сазды кеш өтті.
Шара барысында келушілер назарына жыршы-термешінің өмірінен сыр шертер көрме ұсынылды. Бұдан соң Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, әншінің құрдасы Тілес Жазықбай, Мұрат Досмұхамедов, мәдениет саласының ардагері Тәттіғали Жұмағалиевтер естеліктерімен бөлісті.
Республикалық әнші-жыршылар байқауының жеңімпазы Данияр Елеуов, танымал жас әнші Аружан Әділхан Бұхар, Базар, Естай, Біржан, Мұхиттың әндерін әуелетіп, кештің сәнін келтірді.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz