8.05.2026, 14:45
Оқылды: 21

Казталовта ветеринарлар ауруды емдеуде белсенділік танытуда

Казталов ауданында эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру бағытында тиісті шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде ветеринар мамандары індеттің таралуының алдын алу және ауырған малды емдеу мақсатында уақытпен санаспай, күшейтілген режимде еңбек етуде.

0N6A1294

Аудандық ветеринариялық станцияның мәліметінше, қазіргі таңда 90 жергілікті ветеринар өз міндеттерін атқаруда. Сонымен қатар облыстық ветеринария басқармасының қолдауымен Қаратөбе, Теректі және Жаңақала аудандарынан келген 13 маман көмек көрсетіп, ортақ іске жұмылуда.

— Қазіргі таңда ауданымыздағы эпизоотиялық ахуал толық бақылауда. Ветеринариялық станция тарапынан барлық қажетті шаралар дер кезінде қабылданып, жүзеге асырылуда. Мамандарымыз күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, малды емдеу және індеттің таралуын болдырмау бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Аталған жағдай негізінен киіктердің миграциясына байланысты, яғни олар көп шоғырланған аумақтарда тіркелуде. Соған қарамастан, ветеринар мамандары барлық елді мекендерде үздіксіз жұмыс жасап, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар, облыстық ветеринария басқармасының қолдауымен Қаратөбе, Теректі және Жаңақала аудандарынан келген әріптестеріміз де үлкен көмек көрсетуде. Барлығымыз бірлесіп, ортақ іске жұмыла кірісіп отырмыз. Бірлік пен үйлесімді жұмыстың арқасында бұл жағдайды да еңсеріп, эпизоотиялық ахуалды толық тұрақтандырамыз деген сенім бар. Көмекке келген әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!, — деді аудандық ветеринариялық станция директорының орынбасары Жасұлан Дүйсенов.

Бүгінде ветеринар мамандары тұрғындардан келіп түскен хабарламаларға жедел ден қойып, әр елді мекенде шұғыл әрекет етуде. Шаруа қожалықтарының жетекшілері де ветеринарлардың табанды еңбегіне ризашылықтарын білдіруде.

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале