9.05.2026, 20:52
Оқылды: 3

Сырымдық 42 тыл ардагеріне әлеуметтік төлем төленді

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне Сырым ауданындағы 42 тыл ардагеріне (оның ішінде 1 адам ҰОС ардагерінің жесірі) 50 000 теңгеден әлеуметтік төлем жасалды.
Әлеуметтік төлемнің жалпы көлемі 2 млн. 100 мың теңгені құрайды.

IMG_0792

Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаеваның айтуынша, Жеңіс мерекесіне орай жергілікті бюджеттен тыл ардагерлері мен әлеуметтік санатқа жататын 76 адамға 8 млн. 200 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем төленген.
Жеңіс жаңғырығы жадымызда! Әр ардагер ардақты.

«Сырым елі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале