Алматыда кейінгі екі жылда мейрамханалар мен сауда орталықтарында ешкім тамақтан ұшынбаған. Бірақ дәрігерлер ботулизммен ауырған бірер адамды тіркеген. Олардың бәрі үйде жасалған консервілерді тұтынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto
Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова мәлімдеді. Сала мамандарының сөзінше, көктем және жаз айларында тағамнан улану жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан алдын алу шараларын ескерген абзал.