12.05.2026, 11:00
Оқылды: 25

Тасқын судың едәуір көлемі лимандар мен көл жүйелеріне бағытталған – Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында су ресурстарын реттеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

5195330868497552748
«Вегетацияаралық кезеңде және 2026 жылғы көктемгі су тасқыны барысында Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су ресурстарын реттеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде биылғы су тасқыны кезеңі қалыпты өтті, елдегі су қоймалары жоспарлы деңгейге дейін толтырылды, гидротехникалық құрылыстарда төтенше жағдайларға жол берілмеді», — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар тасқын судың едәуір көлемі лимандар мен көл жүйелеріне экологиялық мақсатта жіберілді. Бұл бірқатар өңірде экологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Мысалы, Тасөткел су қоймасынан Созақ ауданына 1 млрд текше метрден астам су берілді. Ертіс бассейнінде 9 сәуір мен 5 мамыр аралығында жайылма шалғындарын суландыруға 6,4 млрд текше метр су жіберілді.
Балқаш көліне су жіберу жұмыстары жалғастырылды. 2025 жылдың қазанынан бастап биылғы сәуірге дейін Қапшағай су қоймасынан 3,7 млрд текше метр су жіберілді. Бұл Балқаш көлінің су деңгейін 29 сантиметрге көтеруге мүмкіндік берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале