12.05.2026, 23:00
Оқылды: 5

Тоқсан тоғыз жасында атқа қонды

Бүгін Сырым ауданында Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өлкетанушы, тарихшы Жайсаң Ақбайдың мерейлі 99 жасына орайластырылған бірқатар шаралар өткізілді.
PHOTO-2026-05-12-17-38-06
Аудан жұрты мәдениет қайраткерін Сырым Датұлы кесенесінен күтіп алып, ақ дәммен сәлем берді. Қонақтар Сырым рухына тағзым етіп, кесене алдына гүл шоқтарын қойды. Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов елдің атынан қош - ілтипат білдіріп, қонақтарды аудан орталығына бастап келді.
Өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың кіндік қаны тамған жері Сарой ауылдық округіндегі - Сары Алаша,  Жанақ - Ақбай ата мекені. Ғасыр адамы өз туған жерінің топырағын иіскеп, аруақтарға құран бағыштады. 2017 жылы ауыл әкімдігінің қолдауымен ауыл тұрғындары бірлесіп Жайсаң Ақбайдың тамы болған орынға белгі тасын орнатқан болатын. Мәдениет қайраткері ата жұртының қазығын, ескі үйінің орынын сипап, бір егілді.
 Жалпы білім беретін Абай орта мектебі - оның өзі оқыған алтын ұясы. Қабырғасында қалған талай естеліктер бүгін Жайсаң мырзаның көз алдынан бір өткендей. Шара қатысушылары Абай орта мектебінің ұйымдастырған бағдарламасын тамашалап, мектептің қазіргі тыныс тіршілігіне қанықты.
photo-output
Жұртын сағынып келген Жайсаң қарияға ауылдастары ат мінгізіп, құрметке бөледі. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев Жайсаң мырза туралы пікірінде оны қажу мен қартаюдан арланатын адам деп сипаттаған болатын. Сөзі ауызында. Қария өзіне ұсынылған қыл құйрықтың жалынан сипап қана қоймай, ғасыр шағында атқа қарғып мінді. Туған топырақтың қасиеті күш бітірмей қойсын ба?!
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале