14.05.2026, 12:45
Оқылды: 8

Тасқалада көп балалы анаға «Алтын алқа» табысталды

Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакировтың қабылдауында көп балалы ана Динара Шайхиева болып, ерекше құрметке ие болды. Шара барысында ардақты анаға «Алтын алқа» табысталып, оның қоғамдағы, отбасыдағы еңбегі жоғары бағаланды. Қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева мен Мерей ауылдық округінің әкімі Орынбек Насимуллин қатысып, ақжарма тілектерін жеткізді.

PHOTO-2026-05-13-16-38-45

Динара Сағынғалиқызы  1989 жылы дүниеге келген. Бүгінде Тасқала ауданына қарасты Айнабұлақ елді мекенінде тұрады. Ол – жеті баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана. Балаларының барлығы тәрбиелі, білімге құштар, мектепте жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Динара Шайхиева – қарапайымдылығы мен адамгершілігі мол, бар уақытын отбасы мен бала тәрбиесіне арнаған жан. «Алтын алқа» иегері атануы – оның аналық еңбегінің лайықты бағасы.

Бекжан Өтемісов, 

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале