15.05.2026, 17:15
Оқылды: 11

Қазақстан армиясы заманауи қауіп-қатерлерге сай жауынгерлік даярлық жүйесін жаңғыртуда

Алматы өңірлік гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің жетекшілігімен оқу-әдістемелік жиындар өтуде.

_gluster_2026_5_15_344b8c7f33514a5d8db1dad63a6dd53c_1280x720

Іс-шара барысында заманауи қарулы қақтығыстар жағдайына бейімделген жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру мәселелеріне басымдық берілу үстінде. Жиынға Қарулы күштердің әртүрлі түрлерінің, Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің өкілдері қатысып жатыр. Жұмыс орындалатын міндеттердің ерекшеліктеріне қарай бес бағыт бойынша ұйымдастырылған. «Бітімгер» оқу орталығында әскерлерді даярлаудың жаңартылған тәсілдері таныстырылып, бригаданың күнделікті қызметін жоспарлау тәртібі бойынша көрсетілім сабақтары өткізілді.

Сержанттық құрамды дамытуға ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер үшін бөлімшелерді басқарудағы цифрлық шешімдерді қолдану бойынша практикалық сабақтар және қазіргі заманғы ұрыс жағдайындағы байланыс пен басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне арналған дәрістер ұйымдастырылды.

_gluster_2026_5_15_642ee16f7a525f101af3e54dec6a23db_1280x720

Жиын аясында Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштер басшылық құрамының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс, тактикалық бөлімшелер мен зымыран әскерлерін қолдану, радиоэлектрондық күрес және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар қазіргі қауіп-қатерлерді ескере отырып, әскерлерді инженерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

_gluster_2026_5_15_c0aaf4c863e44bf738b0a4c06f48e136_1280x720

Жиын қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров қазіргі заманғы ұрыс қимылдары әскерлерді даярлау жүйесін үздіксіз жетілдіруді, жауынгерлік машық деңгейін арттыруды және жеке құрамның дене дайындығын жаңа жағдайларға бейімдеуді талап ететінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале