15.05.2026, 18:00
Оқылды: 9

Елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Синоптиктердің болжауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады. Тек солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

жп бүртегүл (7)

Фото: Сайт архивінен 

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын екі барикалық түзілім айқындайды. Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ал 18 мамырда батыста қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.

16-17 мамыр түндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы:

  • Батыста +30…+37°C-тан +25…+30°C-қа дейін төмендейді;
  • Солтүстік-батыста +25…+30°C;
  • Солтүстікте +20…+30°C-тан +15…+20°C-қа дейін төмендейді;
  • Орталықта +25…+30°C-тан +29…+34°C-қа дейін жоғарылайды;
  • Шығыста +12…+20°C;
  • Оңтүстікте +30…+35°C-тан +33…+40°C-қа дейін жоғарылайды;
  • Оңтүстік-шығыста +18…+25°C-тан +25…+32°C-қа дейін көтеріледі.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале