16.05.2026, 9:30
Оқылды: 6

Шыңғырлауда «Отан. Отбасы. Өнеге» форумы өтті

Халықаралық Отбасы күніне орай Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде  «Отан. Отбасы. Өнеге» тақырыбындағы ауқымды форум ұйымдастырылды. Тағылымы мол шараның басты мақсатыұлттық мәдениет пен отбасы құндылықтарын насихаттау, өнегелі отбасыларды қолдау, әйелдер әлеуетін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық және қаржылық сауаттылықты көтеру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер төңірегінде ашық пікір алаңын қалыптастыру болды.

image-15-05-26-10-25

Форумға Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Диляра Сатарова, азаматтық ресурстық орталығының жетекшісі, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласының сарапшысы Гүлбаршын Муштанова, «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік ұлттық жобасының өңірлік үйлестірушісі, PhD докторы Анархан Құттығалиева, Батыс Қазақстан облысы бойынша«Ана үйі» ресурстық орталығының аймақтық үйлестірушісі Зәмзәгүл Шканова, аудан әкімі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі кеңес мүшелері, ардагерлер мен ақсақалдар ұйымдарының өкілдері, аналар кеңесінің төрайымдары, білім беру мекемелерінің мамандары, ата-аналар комитеттерінің жетекшілері мен жастар қатысты.

image-15-05-26-10-26

Форум жұмысын аудан әкімінің орынбасары Миржан Нұртазиев ашып, отбасы институтының қоғамдағы орнына ерекше тоқталды.

Бүгінде елімізде отбасы институты берік қалыптасып, дамып келеді. Ана мен балаға қамқорлық көрсету, жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім беру, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумемлекет назарындағы маңызды мәселелердің бірі. Ауданымызда ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпағына өнегелі тәрбиеберіп отырған үлгілі отбасылар аз емес. Осындай мерейлі шаңырақтарқоғамымыздың алтын діңгегі, – деді.

Шара барысында отбасының қоғамдағы рөлі, әйелдердің мемлекет дамуындағы белсенділігі, отбасылық тұрақтылық пен ұрпақ тәрбиесі мәселелері кеңінен қозғалды. Спикерлер өз баяндамаларында бүгінгі таңда әйелдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардағы белсенді қызметі ел дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

«Ана үйі» ресурстық орталығының аймақтық үйлестірушісі Зәмзәгүл Шканова қиын жағдайға тап болған аналарға көрсетілетін қолдау тетіктері туралы баяндаса, полиция подполковнигі Диляра Сатарова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Ал Гүлбаршын Муштанова азаматтық қоғам институттарының рөлімен отбасы мәселелерін шешудегі қоғамдық ұйымдардың маңызы жайында ой бөлісті. «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірлік үйлестірушісі Анархан Құттығалиева қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы жобаларды таныстырып, тұрғындарға пайдалы кеңестер берді.

Форум аясында ерекше әсерлі сәттердің бірі – Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың ата-аналарына құрмет көрсетілуі болды. Ел қорғаған ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтылып, мерекелік гүл шоқтары табысталды.

Халықаралық Отбасы күніне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген өнегелі отбасылар да марапат төрінен көрінді. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің атынан бірқатар отбасыларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

image-15-05-26-10-26

Марапатталғандардың қатарында Шыңғырлау ауылындағы ғасыр анасы, 102 жастағы тыл еңбеккері Қалима Джумабаеваның өнегелі әулетіДжумабаевтар отбасы болды. Ұзақ жыл ауылда темір тұлпар тізгіндеген Сағынбай мен Рауза Казымовтардың шаңырағы, ұрпаққа үлгі болар Қазымовтар отбасы да көпшілік құрметіне бөленді. Сонымен қатар, 67 жыл бірге ғұмыр кешкен Сағындық пен Сәлима Жұбаниязовтар әулеті, еңбек династиясымен танылған Каукиевтер отбасы, еңбекқор Айманғалиевтер жанұясы, аудан дамуына сүбелі үлес қосқан Шарифолла және Раиля Мусиндер отбасы марапатталды

Шарада өз балаларымен қатар қамқорлық танытып, өзге балаларға отбасы жылуын сыйлап отырған Иван және Елена Имбицкийлер отбасының өнегелі ісі де ерекше аталып өтті. Сонымен бірге «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсіп бастап, «Бір ауылбір өнім» жобасына белсенді қатысып жүрген Бағила Кузбаеваның отбасы, отбасылық құндылықтарды берік ұстанып келе жатқан бұл әулетте көпшілік ықыласына ие болды.

Сондай-ақ «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде жүлдегер атанған Кужиевтер теміржолшылар династиясы мен Касетовтар отбасы мүшелері де арнайы марапатталды.

Форум барысында қолөнер бұйымдары мен жергілікті өнімдерден көрме ұйымдастырылып, оған қатысқан шеберлер мен кәсіп иелеріне естелік сыйлықтар табысталды.

Тағылымды шара аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әсем ән мен күмбірлеген күй көрерменкөңілін көтеріп, мерекелік кештің мазмұнын айшықтай түсті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл форумда «Отан отбасынан басталады» деген қағида  тағы бір мәрте айқын көрініс тапты. Себебі берік отбасытұрақты қоғамның негізі, ал тәрбиелі ұрпақ – ел болашағының кепілі. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі отбасыларды ұлықтаған мұндай шаралардың қоғам үшін маңызы зор.

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале