18.05.2026, 15:15
Оқылды: 56

Оралда ТЖМ қызметкерлері асханадағы өрттің таралуына жол бермеді

Орал қаласында Абай даңғылында көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан асханада шатыр мен жылуоқшаулағыш материал жанған, - деп жазады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы.

Снимок экрана 2026-05-18 150716

Оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен құтқарушылар өртті жедел түрде оқшаулады.

Өрт 7 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Снимок экрана 2026-05-18 150843

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және төтенше жағдайлар туралы 112 нөміріне дер кезінде хабарлауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале