20.05.2026, 17:15
Оқылды: 56

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастайды

Ағымдағы жылы 25 мамыр күні сағат 10:00-де отандық ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын жеңілдетілген лизингке беру бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдау басталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

_gluster_2026_5_20_d3fa9b74069da537754123d842e94f5d_1280x720

Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи отандық техникамен қолжетімді қаржыландыру шарттары негізінде қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық машина жасау саласын қолдауға және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға бағытталған.

Бағдарлама аясында аграршылар отандық өндірістегі құрастырылған өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген шарттармен қаржылық лизингке ала алады.

Қаржыландыру мерзімі — 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 6%, аванстық төлем — лизинг заты құнының кемінде 15%-ын құрайды.

Бағдарлама отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале