20.05.2026, 23:53
Оқылды: 4

Әр баланың қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгін Алма Оразбаева атындағы мектепте Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен «Тәуекел тобындағы» балаларды жеке сүйемелдеу мәселесіне арналған жұмыс кеңесі өтті.
image-20-05-26-10-10-1
Жиынға Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Афиза Семғалиева, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының басшысы Ляззат Есенова, аудандық салалық бөлім және мекеме басшылары, сала мамандары қатысты.
Кеңес барысында күн тәртібіндегі негізгі төрт мәселе қаралды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева анкеталау нәтижелері бойынша «қызыл аймақта» тұрған балаларға арналған жеке сүйемелдеу жоспарлары, тәуекел тобындағы балаларға қатысты жеке сүйемелдеу карталары мен паспорттары, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады. Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Молдашева колледж студенті тарапынан орын алған аутодеструктивтік әрекет фактісі бойынша қабылданған шаралар мен түсіндіру жұмыстары жөнінде баяндады.
Кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және тәуекел тобындағы оқушылармен жүргізілетін жеке сүйемелдеу жұмыстарын жүйелеу мәселелері жан-жақты қаралды. Әсіресе «қызыл аймақта» тұрған оқушыларға арналған жеке сүйемелдеу жоспарларының сапасы, ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар, педагог-психологтердің сүйемелдеу алгоритмдері, ата-анамен байланыс пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, әр білім беру ұйымындағы нақты жағдайлар бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі кеңінен талқыланды.
image-20-05-26-10-10-2
Кеңесте қатысушылар балалар арасында кездесетін буллинг, агрессия, әлеуметтік бейімделу қиындықтары мен деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды зерделеп, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының өкілдеріне әдістемелік ұсынымдар беріп, психологиялық қолдау жұмыстарын күшейтуге бағытталған нақты міндеттер жүктелді.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале