21.05.2026, 9:45
Оқылды: 22

Жас өрендер Ыбырай шығармаларын насихаттады

Жаңақала ауданында жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, қазақ даласындағы тұңғыш ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай шығармаларын насихаттау мақсатында «Ыбырай оқулары» атты аудандық байқау өтті.

image-21-05-26-08-17

Байқауға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Аманқызы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, “AMANAT" партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлбану Сарсенғалиқызы және аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Тлеубаева Ботагөз Елемесқызы төрелік етті.

Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін сараға салды. Ал екінші кезеңде ақынның алдын ала белгіленген он өлеңін жатқа айтып,  көркемсөз өнеріндегі шеберліктерін танытты.

image-21-05-26-08-17-1

Жалпы сайыста 34 оқушы өзара бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша III орынға  Абай атындағы ЖОББ мектебінің 8-сынып оқушысы Сағадат Амангелді (жетекшісі Асқар Жангелдіұлы) лайық деп танылса, II орынды Пятимар ЖОББ мектебінің 7-сынып оқушысы Мадина Ерболат (жетекшісі Дария Қайырғалиқызы) иеленді. Ал Ақбаян Мәлікқызы (жетекшісі Салтанат Тастенбекқызы) І орынның биігінен көрінді. Іс-шара соңында жүлдегерлерге арнайы диплом мен қаржылай марапат табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушы алғысхат пен естелік сыйлыққа ие болды.

 

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале