1.03.2017, 12:47
Оқылды: 67

«Мейірімді көктем» жобасы бастау алды

Қаламыздағы Достық үйінде облыстық қайырымдылық қызметі үйлестіру кеңесінің бірінші кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов, өңірімізде қайырымдылық істермен айналысып жүрген кәсіпкерлер, этномәдени орталық жетекшілері қатысты.

Жиынды ашқан өңір басшысы жиналғандарды Алғыс айту күні мерекесімен құттықтады.

-Бұл мерекенің Ассамблеяның құрылған күнімен тұспа-тұс келуі де тегін емес. Өткен ғасырдың ортасына таман кейбір ұлт өкілдерін жүк вагондарына тиеп, бір түннің ішінде қазақ даласына әкеліп тастады. Бірақ ол дала жай дала емес, мейірімді дала болып шықты. Қазақ халқының кеңпейілдігінің арқасында түрлі қиындық көріп келген ұлт өкілдері жаңа мекенге тез жерсініп кетті. Ұрпақ өрбітіп, салт-дәстүрлерін жаңғыртып, көп ұлтты Қазақстанның дамып-гүлденуіне өз үлестерін қосты. Бүгіннен бастап облысымызда «Мейірімді көктем» жобасы бастау алып жатыр. Бұл істен өңіріміздің кәсіпкерлері қалыс қалмайды деп сенемін. Мемлекет кәсікерліктің дамуына барынша жағдай жасауда. Бизнес өкілдері де өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, бұл бағыттағы жұмыстарымызға қолдау білдіреріне сенімім мол»,- деді өңір басшысы.

altШара барысында қайырымдылық қызметі бойынша үйлестіру кеңесінің ережесі, жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар кеңес басшылары сайланып,  жедел штаб құрылды. Бұдан соң «Мейірімді көктем» акциясына байланысты облыс кәсіпкерлеріне үндеу қабылданды.

Кеңес отырысы соңында Алғыс айту күніне орай өңіріміздің бірқатар кәсіпкерлері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале